Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

АҚШ Непалға көмек ретінде 9,2 млн еуро бағыттайды

АҚШ Непалға көмек ретінде 9,2 млн еуро бағыттайды

Непал билігінің жер сілкінісі салдарын жоюға күші жетпей жатыр. Олар жәрдем сұрауда. Көптеген елдер мен халықаралық ұйымдар материалды және қаржылай көмекті көрсетуге уәде етті деп хабарлайды Euronews.

АҚШ апат салдарын жоюға жәрдем ретінде 9,2 млн еуро бөліп отыр. ЕО 3 млн еуро бағыттайды. Канада 3,7 млн еуро көлеміндегі материалдық көмекті көрсетеді. Британия үкіметі Непалға 4 млн еуро бөліп отыр және үкіметтік емес ұйымдар 2,8 млн еуро бағыттамақ. Финляндия билігі 2 млн еуро сомасына гуманитарлық көмегін көрсетеді.

Сондай-ақ Франция гуманитарлық жүгі, құтқарушылары мен дәрігерлері бар (шамамен 100 адам) үш ұшақты және 40 тонна гуманитарлық көмегін бағыттады.

Ресей құтқарушылар (шамамен 100 адам), жабдық пен гуманитарлық жүгі бар екі ИЛ-76 ұшағын жіберді.

Қытай Непалға шамамен 3,3 млн доллар көлемінде гуманитарлық жәрдем көрсетуге уәде етті. Төрт Ил-76 Катмандуға 90 тонна гуманитарлық көмекті жеткізеді. Осы көлемдегі гуманитарлық көмектің екінші бөлігі апат орнына кейінірек жеткізіледі.

Непал әскерінің берген мәліметіне сүйенсек, іздеу-құтқару жұмыстарына ел әскерилерінің барлығы дерлік жұмылдырылған - 100 мың адамның 90%-ы.

Похожие материалы