Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

АҚШ пен Европада киіз үйлер сұранысқа ие бола бастады

АҚШ пен Европада киіз үйлер сұранысқа ие бола бастады
АҚШ пен Европада киіз үйлер жалға беріле бастады. Қазіргі кезде саяхаттаушыларға үйлерді жалға ұсынатын airbnb сайтында 6 киіз үйдің жалға берілетіні туралы хабарландыру бар. Ал, Houseboats сервисінде 5 хабарландыруды көруге болады. Олардың барлығында киіз үйлер Моңғолиялық ғажайып ретінде таныстырылған. airbnb сайтындағы 6 киіз үйдің 1 АҚШ-та, қалғаны Германия, Франция, Испанияда. Олар киіз үйді тәулігіне $33-дан $129-ға дейінгі аралықта ұсынады. Жалға берушілер киіз үйлерді жарнамалау кезінде «Шыңғыс ханның рухын сезінуге» және көшпенділердің тұрмыс-тіршілігімен танысуға шақырады. Киіз үйлер заманауи қажеттіліктермен: ауа баптағыш, телевизор, Wi-Fi, кір жуғыш машина, жабдықталған. Испанияда киіз үйді жалға берушілердің бірі Маринаның айтуынша оның киіз үйін еуропалықтар қатты ұнатады екен. «Ай сайын 3 мыңға жуық адам хабарландыруымды оқиды. 2011 жылы интернетке хабарландыру бергеннен бастап жүзден астам адам киіз үйді жалға алды» дейді ол. forbes.kz

Похожие материалы