Алматы. 10 ақпан. 7kun.kz - АҚШ Президенті Дональд Трамптың Мексика шекарасы арасында салғысы келетін қабырға үшін 21,6 млрд доллар жұмсалуы мүмкін. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлайды.
АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік министрлігінің баяндамасына сілтеме жасаған агенттік қабырғаны тұрғызу 3,5 жылға созылатынын және оны тұрғызу үш кезеңнен тұратынын айтады.
Осылайша 2020 жылы қабырға ұзындығы 1 250 мильге (2 000 км) жететін болады. Ал Ақ үй болса бұған қатысты ақпарат беруден бас тартқан.
Айта кетейік, 2017 жылдың 31 қаңтарынада өту керек болған америка-мексика саммит болмай қалды. Бұған Дональд Трамптың ешбір ымырасыз Мексика мен АҚШ арасында қабырға салу туралы шешімі себеп болған. Ал Мексика Президенті Энрике Пенья Ньето болса Трамптың қабырғаны салу үшін кететін шығын мексикалық тараптан төленеді деген талабына мүлде қарсы болды.