Экономика
АҚШ ресейлік операторлардың Еуропадағы активтерін бұғаттайды
Өзбекстанда орын алған жемқорлық деректеріне байланысты АҚШ Әділет министрлігі бірқатар Еуропа елдеріне ресейлік МТС, Vimpelcom байланыс операторларының және фин-швециялық TeliaSonera концернінің 1 млрд. доллар болатын активтерін бұғаулауды сұрап, өтінім-хатын жіберді деп хабарлайды The Wall Street Journal.
АҚШ Әділет министрлігі аталған компанияларды Өзбекстан нарығына ену үшін Өзбекстан президентіне туыстық жақындығы бар мемлекеттік шенеуніктерге ірі көлемде пара ұсынды деп айыптап отыр. Қазір Нью-Йорк соты активтерді бұғаттауға рұқсат бергенімен, өтінім-хат Еуропа елдерінде қаралып жатыр.