Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

АҚШ-тағы бұрғылау қондырғылары 734 бірлікке дейін азайды

АҚШ-тағы бұрғылау қондырғылары 734 бірлікке дейін азайды

17 сәуірмен аяқталған есептік апта ішінде АҚШ кен орындарында пайдаланылатын бұрғылау қондырғыларының саны 26 қондырғыға, 734 қондырғыға дейін азайды деп жазылған жұма күні жарияланған Baker Hughes Inc. деректерінде.

Мұнай бағасының төмендеуінің аясында өткен жылдан бері бұрғылау қондырғыларының саны күрт төмендеді. Қазіргі кездегі көрсеткіш былтырғы жылдың ең жақсы деңгейінен (1609 қондырғы) 54%-ға төмен. Bake Hughes мәліметтері бұл көрсеткіш қатарынан 19 апта қысқарып келе жатқандығын көрсетеді.

Bake Hughes деректеріне сүйенсек, есептік аптада пайдаланылатын газ бұрғылау қондырғыларының саны 8 қондырғыға, 217 қондырғыға дейін кеміпті. Теңіз бұрғылау қондырғыларының саны өзгеріссіз - 33.

Осылайша, есептік аптада АҚШ-тағы пайдаланылып жатқан мұнай және газ бұрғылау қондырғыларының саны 34-ке, 957 қондырғыға дейін азайған.

Baker Hughes деректері бойынша, алдыңғы аптада АҚШ-тың мұнай және газ кен орындарындағы бұрғылау қондырғыларының саны 2009 жылдан бері алғашқы рет мыңнан төмен түсіп кеткен.

Похожие материалы