Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

АҚШ-тағы жұмыссыздық деңгейі 5,4%-ға төмендеді

АҚШ-тағы жұмыссыздық деңгейі 5,4%-ға төмендеді

АҚШ экономикасындағы жұмыс орындарының саны сәуір айында 223 мыңға жоғарылады делінген елдің еңбек министрлігі ұсынған мәліметтерде.

Bloomberg агенттігі сұрастырған сарапшылар бұл көрсеткіштің 228 мыңға артуын болжаған еді. Қайта қарастырылған мәліметтерге сәйкес наурыз айында жұмыс орындарының саны 85 мыңға артқан еді. Бірақ бастапқыда бұл көрсеткіш 126 мың деңгейінде көрсетілген болатын. Ақпан-наурыз мәліметтерін қайта қарастыру 39 мың жұмыс орнын шегеріп тастады. АҚШ-тағы жұмыссыздық сәуір айында 5,5%-дан 5,4%-ға дейін төмендеді, осылайша 2008 жылдың мамырындағы ең төмен көрсеткіш жаңарды. Сонымен қатар АҚШ-тағы орташа сағат сайынғы еңбек төлемі өткен айда наурыз айымен салыстырғанда 0,1%-ға жоғарылады. Жылдық есепке салғанда өсім 2,2%-ды қамтыды, болжам 2,3% болған-тын. "Сәуірлік өсім жақсы көрсеткіш - 200 мыңға тең немесе бұдан төмен деңгей еңбек нарығының әлсіреуіне әкеліп соқтырады", - деп мәлімдеді АҚШ бойынша Oxford Economics USA Inc. экономисті Кэти Бостьянчич.

Похожие материалы