Экономика
АҚШ-тың Федералды резерв жүйесі базалық мөлшерлемені көтерді
Алматы. 15 желтоқсан. 7kun.kz - АҚШ Федералдық резерв жүйесі 14 желтоқсандағы отырысында базалық мөлшерлемені 0,5%-дан 0,75%-ға көтерді көтерді. Бұл туралы шешім ФРЖ сайтында жарияланды.
Шешімнің дәл осылай болатынын бұған дейін сарапшылар да болжаған еді. ФРЖ басшысы Джаннет Йеллен 17 қарашада мөлшерлеменің жақын арада көтерілуі мүмкін екендігін айтқан.
Сарапшылардың пайымдауынша мөлшерлеменің көтерілуі мұнай бағасын барреліне 50 доллардан да төмендетуі мүмкін. Яғни, мөлшерлеменің көтерілуі доллардың құнын көтеріп, ол өз кезегінде мұнай бағасының құлдыратады.
Ресейлік сарапшылар бұл рубльдің құнсыздануына жетелейді деп отыр.