Экономика
АҚШ-тың Федералды резервті жүйесі пайыздық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды
АҚШ-тың федералды резервті жүйесі (ФРЖ) базалық пайыздық мөлшерлемені 0-0,25 пайыз деңгейінде қалдырды. Америкалық реттеуіштің баспасөз қызметі хабарлағандай, елдің экономика өсімі бірқалыпты жүріп жатыр.
Негізгі капиталдағы үй шаруашылығы мен бизнестегі инвестиция шығыны айтарлықтай көп емес. Осыдан бөлек, еңбек нарығындағы жағдай жақсарып, жұмыссыздық көлемі азайып жатыр. Инфляция көлемі ФҚЖ болжаған көрсеткіштен төмен, бұл энерготасымалдаушылар мен энергетикалық емес импорт бағасының төмендеуіне байланысты.
ФРЖ қазіргі саясатқа байланысты экономикалық белсенділік бірқалыпты өседі деп күтеді. Еңбек нарығының жақсаруына байланысты инфляция орта есеппен қысқамерзімді перспективада 2 пайызға көтеріледі деп болжанып отыр.
Осыған дейін сарапшылар мөлшерлеме өспейді деген болжам жасаған еді. Алайда олар егер негізгі құрал көтерілгенде, доллар өсіміне ықпал ететін еді деп есептейді. Америкалық доллардың нығаюы қазақстандық теңгенің құлдырауына
әкеліп, доллар бағамы 300 теңгеге дейін көтерілді. Кейінірек Ұлттық банк валюталық интервенция жүргізуге мәжбүр болып, қазіргі уақытта америкалық валюта 3,9 пайызға дейін төмендеді.