Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

АҚШ-тың Федералды резервтік жүйесі пайыздық мөлшерлемені көтермейтін болды

АҚШ-тың Федералды резервтік жүйесі пайыздық мөлшерлемені көтермейтін болды
 

АҚШ-тың Федералды резервтің жүйесінің (ФРЖ) отырысында пайыздық мөлшерлемені 0–0,25% көлемінде сақтап қалу туралы шешім қабылданды. Бұл туралы vestifinance.ru хабарлайды.

Нарық бойынша Федералды комиттеттің (FOMC) 27-28 қазанда болған отырысында ФРЖ монетарлы саясатына өзгерістер енгізген жоқ. Жиналыс кезінде шенеуніктер АҚШ нарығындағы қиындықтар мен жағдайдың реттелуі бәсең болып жатқанын атап өтті. ФРЖ-ның келесі отырысында пайыздық мөлшерлеме көтерілуі мүмкін деген болжамдар айтылды. Дегенмен қаржы нарығына қатысуышылар алдағы уақытта мөлшерлеменің көтерілуі, монетарлы саясаттың қатаңдануы туралы анық біле алмай отыр. Себебі ФРЖ қыркүйек айында болған отырыста инвесторларға мөлшерлеменің көтерілетіні туралы айтып, кейін бас тартқан еді  

Похожие материалы