Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

АҚШ-тың Федералдық резервтік жүйесінің кезекті отырысы теңгенің құнсыздануына әсер ете ме?

АҚШ-тың Федералдық резервтік жүйесінің кезекті отырысы теңгенің құнсыздануына әсер ете ме?
Кеше, бүгін Вашингтонда АҚШ-тың Федералдық резервтік жүйесінің кезекті отырысы өтуде. Құрамында 12 адам бар ФРЖ әлемдегі ең ірі экономиканың ақша-монетарлық саясатын жақсарту мәселелерін  талқылайды. Бұл жолы  есептік мөлшерлеме туралы мәселені қарастыруда. Атап айтқанда оны көтеру керек пе, жоқ па деген мәселе. Соңғы рет есептік мөлшерлеме 2006 жылы көтерілген еді. ФРЖ 9 жылдан кейін тағы да "көтеру" мәселесіне оралды. Бұған себеп - көптеген елдеріндегі дағдарысқа қарамастан дамыған мемлекеттердің экономикасы 2007 жылдан бері биыл бірінші рет өсім көрсетіп отыр. Оның ішінде АҚШ та бар. ФРЖ құрамына кіретін FOMC (ашық нарықтар жөніндегі федералдық комитет) өсім аясында активтер құнының "көпіршікке" айналуынан қауіптеніп, АҚШ-та есептік мөлшерлемені көтеру керек деп шешкен. Бұл АҚШ экономикасы үшін жағымды болуы мүмкін. Алайда басқа елдер үшін қауіпті. Өйткені доллар құны көтеріліп, ұлттық валюталары құнсызданып отырған дамушы мемлекеттер зардап шегуі мүмкін. Оның ішінде Қазақстан да бар.  Еске сала кетейік, 2013 жылы ФРЖ ақша-монетарлық саясатына біртіндеп дәстүрлі емес шараларды қолданатыны туралы (мысалы: ипотекалық облигацияларды үлкен ауқымда сатып алу) шешім қабылдаған еді. Бұл шешімді қабылдауға дейін, тек мәлімдеме жасалған соң-ақ, дамушы елдерде капиталдың кері кетуі байқалған болатын. Сондықтан, ФРЖ-ның шешіміне күллі әлем елеңдей қарап отыр. Егер өтіп жатқан отырыста ақша саясатын қатаңдатса, әлемдік ІЖӨ-ге орташа мерзімде қиындықтар тудыруы мүмкін. Қазақстандық сарапшылар мұның бізге де әсері бар дейді. Бұған дейін доллар құнының өсуіне ішкі нарықтағы жағдай әсер етіп келсе, енді сыртқы нарықтағы әсер салдарынан теңге құнсыздана түсуі мүмкін. Lsm.kz сайтына сұхбат берген  «Финам»инвестициялық компаниясының қаржы сарапшысы Тимур Нигматуллин шешім ұлттық валюталардың қысқа мерзімде құнсыздануына соқтырады дейді. «Ай Ти Инвест» инвестициялық компаниясының сарапшысы Павел Дерябинның аталған басылымға берген сұхбатындаФРЖ отырысында есептік мөлшерлеменің көтерілуі орынды. Өйткені нарық бір жылға жуық осы шешімді күтуде. Оның айтуынша мөлшерлеменің көтерілуі бірнеше жылға созылады және шамамен 6 пайызға өседі. "Доллар индексі өседі. Мұның салдарынан акциялар мен облигациялардың құны төмендей бастайды. Доллар құны көтерілсе, мұнай бағасы түсе бастайды. Америкалық валюта индексінің өсуі ресейлік рубль мен теңгенің жаңа девальвациясын тудыруы мүмкін. Әрине, бұл бірден емесе, әрі биыл болмайды", деді ол. Ресейік сарапшылар болса, ФРЖ есептік мөлшерлемені көбейтпейтінін айтады. RusRating агенттігінің аймақтық рейтингтер жөніндегі директоры Антон Табах lenta.ru-ға брген сұхбатында қазіргі мөлшерлемені желтоқсанға дейін ұстап тұруы мүмкін.  

Похожие материалы