Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

АҚШ-тың әскери базаларына кез келген уақытта соққы жасалуы мүмкін - КХДР

АҚШ-тың әскери базаларына кез келген уақытта соққы жасалуы мүмкін - КХДР

Пхеньян. 9 тамыз. 7kun.kz - "Хвасон-12" орта және жоғары қашықтықтағы зымыранмен соққы жасау туралы жоспар Жоғарғы бас қолбасшы Ким Чен Ын шешім қабылдаған соң кез келген уақытта жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл туралы Корея халық армиясының стратегиялық құрылымдарының спикерінің мәлімдемесінде айтылды.

"Қазіргі уақытта Корея халық армиясының стратегиялық құрылымдары Гуам аралы аумағына "Хвасон-12" орта және жоғары қашықтықтағы зымыранмен соққы жасау үшін жедел жоспарды мұқият дайындап жатыр", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ мақалада жоғарғы бас қолбасшы Ким Чен Ынның жақында жоспармен танысатыны, ал шешім қабылдаған соң жоспардың жүзеге асырылатыны жазылды.

Басылымның мәліметінше, КХДР әскерлері АҚШ-тың қателесіп отырғанын айтады. АҚШ өкілдерінің айтуынша, олар өздерінің аумағын зақымданбайды деп санайды. Сондықтан олар "дұрыс шешім қабылдауға" (әскери арандатушылықтан бас тартуға) шақырады".

Дереккөз: inform.kz

Похожие материалы