Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ақша айырбастау орындарында доллар 347 теңгеден сатылып жатыр

Ақша айырбастау орындарында доллар 347 теңгеден сатылып жатыр

Алматы. 10 тамыз. 7kun.kz - 10 тамыздағы таңғы сессия қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы — 346,54 теңге. Бұл туралы Қазақстан  қор  биржасының  (KASE) ресми сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 346,16 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 346,72 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 346,16 теңге болды. Таңғы сессияда сауда көлемі 20 млн 200 мың доллар. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 200.

Ақша айырбастау орындарында 10 тамызда доллардың жоғарғы курсы (Алматы уақытымен – 11:20) Алматыда 347,2 теңгені құрады.

Айта кетейік, 2016 жылдың 5 қаңтарынан бастап шетел валюталарына қатысты теңге курсын белгілеу туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Енді долларға қатысты теңгенің орташа ресми бағамы Қазақстан қор биржасындағы таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша белгіленеді.

Похожие материалы