Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ақша айырбастау пунктерінің 64,4 пайызы банктерге тиесілі

Ақша айырбастау пунктерінің 64,4 пайызы банктерге тиесілі

Алматы. 11 желтоқсан. 7kun.kz - 2017 жылы Қазақстанда жаңадан 81 ақша айырбастау пункті ашылып, жалпы саны 2952-ге жетті деп хабарлайды Ranking.kz.

2016 жылы 92 жаңа ақша айырбастау пункті өз жұмысын бастаған еді. Сондай-ақ, Қазақстандағы жалпы валюта айырбастау пунктерінің 64,4 пайызы немесе 1900 данасы әр түрлі банктердің меншігіне жатады. Банктерге тиіселі пунктердің саны 2017 жылы 29-ға көбейді. Ал 2015 жылы олардың саны 159-ға, 2016 жылы 119-ға түскен еді.

Банктерге қатысы жоқ валюта айырбастау пунктерінің саны үш жыл қатарынан өсіп келеді. 2017 жылы олардың саны 52-ге өсіп, 1052-ге жетті.

Бұған дейін қазақстандықтар арасында доллар сатып алатындар азайғаны белгілі болды.

Похожие материалы