Ақтөбе. 25 желтоқсан. 7kun.kz - Ақтөбе қаласында ең жоғарғы жалақы 25 млн теңге болса, ең төменгі жалақы 37 мың теңге. Бұл туралы diapazon.kz сайты жазады.
Сайттың мәліметіне сәйкес, "Ақтөбе" футбол клубы шетелдік ойыншысының күндегі ақшасы мұнай өндірушіге төленетін ең жоғарғы айлық жалақыдан көп.
"Ақтөбе" ойыншысы Маркос Пиззеллидің жалақысы долларға қатысты 336 теңге курсы бойынша (23.12.2015) 25 млн теңгені құрайды. Ал Данило Неконың жалақысы еуроға қатысты 367 теңге курсы бойынша (23.12.2015) - 24 млн доллар. Ең жоғарғы жалақы төленетін сала - мұнай өндіру ісі. Мұндағы ең жоғарғы жалақы – 428 мың теңге (мәліметтер облыстық статистика департаментінен алынған).
Статистика департаментінің мәлімдеуінше, спорт саласындағы қызметкерлердің орташа еңбекақысы 2015 жылдың 3 тоқсанындғы есеп бойынша 136 мың теңгені құраған. Бұл көрсеткіш футболшылардың есебінен болуы мүмкін.
Ауыл шаруашылығы қызметкерлері болса айына 43 000 теңге алады. Статистика бойынша өндіріс қызметкерлерінің орташа жалақысы - 60 000 теңге.
Медицина саласында ең төменгі жалақы 49 мың теңге, білім саласында - 37 мың. Бұл көрсеткішті "Ақтөбе" ойыншыларының жалақысымен салыстыратын болсақ, медицина және білім саласындағы қызметкерлер мұндай айлық жалақыны тек 22 айда ғана жинай алады.
Фото: kaz.tengrinews.kz