Ақтөбе. 2 сәуір. 7kun.kz - 2015 жылы Ақтөбе облысында 5,8 млрд текше метрден астам газ және 6,9 млн тонна мұнай өндірілді. Бұл туралы «Ақтөбе ақпарат» орталығында өткен баспасөз мәслихатында Ақтөбе аймақтық геология және кен орнын пайдалану инспекциясының басшысы Ерен Жекеев хабарлады, деп жазды Стратегия - 2050 сайты.
Қазіргі уақытта Ақтөбе облысында көмірсутек шикізатын барлау және өндіру жұмыстарымен 29 компания айналысады. Инспекцияның мәліметтеріне сәйкес, 2015 жылы аймақта 5889,6 млн текше метр газ бен 6930,9 мың тонна мұнай өндірілді, бұл 2014 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда сәйкесінше 23% және 10% пайызға артық.
2015 жылы кен орындарын игеруге салынған инвестиция көлемі 128 106,0 млн теңгені құрады, қазақстандық мамандарды оқытуға 2246,86 млн тг жұмсалды, әлеуметтік саланы дамытуға 1226,1 млн тг қарастырылған.