Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ақтөбе облысында құны 48 млрд теңгені құрайтын электр станциясы салынады

Ақтөбе облысында құны 48 млрд теңгені құрайтын электр станциясы салынады

Ақтөбе. 28 қыркүйек. 7kun.kz — Ақтөбе облысында құны 48 млрд теңгені құрайтын қуаттылығы 700 МВт электр станциясы салынады. Бұл туралы облыстың баспасөз қызметі хабарлады.

Ақтөбеде әлемнің 21 елінен 300-ге жуық жерлестерімізді жинаған «Туған жер» республикалық форумы өтіп жатыр. Форумда жалпы сомасы 80 млрд теңгені құрайтын бірқатар меморандумға қол қойылды. 

Солардың бірі «Ақтөбе-ТермоКокс» ЖШС мен 700 МВт электр станциясын салу және қоңыр көмір кенін игеру жөніндегі ірі жобаны жүзеге асыру туралы келісімге қол жеткізілді. Жалпы құны 48 миллиард теңге тұратын ірі жобаны жүзеге асыру арқылы аймақтағы электр энергиясының тапшылығын толтырып, 400-ден астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, 26 млрд теңге көлемінде инвестиция тарту арқылы жел генераторларын, қалақ жасайтын, металл мұнараларды жинақтайтын зауыт құрылысын бастау арқылы 500 жұмыс орнын ашу жоспарда бар. Бұл жоба «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесімен байланысты және жаңартылатын энергия көздерін дамыту бойынша жұмысты күшейтеді.

Айгүл Хожантаева

Похожие материалы