Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ақтөбе облысының бюджеті 2,3 млрд теңгеге қысқартылды

Ақтөбе облысының бюджеті 2,3 млрд теңгеге қысқартылды

Ақтөбе. 24 қараша. 7kun.kz - Бұл туралы Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде болған баспасөз конференциясында мәлімдеді.

«Ең басты мәселе -  экономика өсімін қамтамасыз ететін қосымша қор табу. Бюджетті оңтайландыру бойынша жоспар құрылып, жұмыс тобы әзірленді. Осы уақыт аралығында біз бюджетті 2,3 млрд теңгеге қысқарттық. Бірінші кезекте, қондырғы, инвентарь, кейбір көліктер мен құрылыс жұмыстары қысқартылды», - деді Б.Сапарбаев.

Оның айтуынша, қазіргі таңда жұмыс істемей тұрған кәсіпорын, мекеме, нысандар жағдайы қарастырылып жатыр.

«Бізде ең маңызды қорлардың бірі мемлекеттік-жекешелік серіктесті. Біз қазір кәсіпкерлер мен инвесторлармен жұмыс істеудеміз. Ұсынысымызды енгіздік, ол әлеуметтік-мәдени нысандар мен тұрғын үй коммуналды шаруашылық саласына байланысты болып келеді», - деді ол.

Фото: ortcom.kz

Похожие материалы