Экономика
Авто
Регионы
Ақтөбе облысының мемлекеттік кірістер департаменті бюджетке 123,5 млрд теңгенің түсуін қамтамасыз етті
Алматы. 24 мамыр. 7kun.kz - Бұл туралы Ақтөбе облысының ӨКҚ баспасөз конференциясында Ақтөбе облысының мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Әйбек Паяев айтты деп хабарлайды Өңлік коммуникациялар қызметінің баспасөз қызметі.
«Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында мемлекеттік кірістер органдары мемлекеттік бюджетке 123,5 млрд теңгенің түсуін қамтамасыз етті, сөйтіп, болжамдалған жоспарды 145,8%-ға орындады. Өткен жылдың осындай мерзімімен салыстырғанда кірістің өсімі 22,7% немесе 22,9 млрд теңге құрады. Оның ішінде республикалық бюджет бойынша жоспар 107, 3%, жергілікті бюджет 139,3% орындалған», - деді Әйбек Паяев.
Оның айтуынша шағын және орта бизнес субъектілерінен түскен түсімдер үлесі 18,1% құрады. Сол сияқты қазыналық орган осы жылы тексерулерді азайту қарқынын сақтай отырып, айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізе алды.
Бизнеске қолайлы ету және салық төлеушілермен байланысты барынша азайту мақсатында мемлекеттік кірістер органдарының мемлекеттік қызметтері электронды түрде көрсетіледі немесе жалпы қызметтер санының 92,3%-ын құрайды.