2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Ақтөбеде мүліктерді заңдастыру жүргізіліп келеді. Нысандарды заңдастыру ҚР заңнамасына сәйкес жасалды. Бұл жұмысты Ақтөбе қаласының әкімдігінің шешімімен құрылған жылжымайтын мүлікті заңдастыру комиссия жүргізіп жатыр.
Қазіргі таңда комиссияға 3 194 нысанды заңдастыруға байланысты 1 642 өтініш келіп түскен. Негізінен, өтініштердің басым бөлігі тұрғын-үй, шаруашылық нысандарын заңдастыруға байланысты.
Жылжымайтын мүлікті заңдастыру комиссиясының хатшысы Айгүл Баймашованың айтуынша, 13.04.2015 жылғы көрсеткіш бойынша жалпы құны 3,8 млрд теңге болатын 1 594 нысан заңдастырылған.