Ақтөбе. 18 сәуір. 7kun.kz - Ақтөбеде резеңке етік күрт қымбаттаған. Бұл туралы informburo.kz хабарлады.
Ақтөбенің Орталық базарындағы алып-сатарлар су тасқыны астында қалып, есі шыққан елдің қайғысынан ақша жасауға көшті.
Бүгін базарда резеңке етіктің бағасы күрт өсіпті. Әдеттегі 5 мың теңгенің орнына 10 мың, қонышы ұзындарына 17 мың теңге сұрайды екен. Бұған наразылық танытқан тұрғындар бағаны реттеуге құзырлы органдар көз жұмып отыр дейді.