Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ақтөбелік кәсіпкерлер салықты он есе көп мөлшерде төлеп келген

Ақтөбелік кәсіпкерлер салықты он есе көп мөлшерде төлеп келген

Ақтөбе. 27 маусым. 7kun.kz - Ақтөбе қаласында 54 кәсіпкерлік субъекті салықты тиісті мөлшерінен 10 есе көп төлеген. Бюджетке төлеген артық салықтың жалпы сомасы - 35,777 млн теңге.

Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасында бұл фактілердің прокурорлық тексеріс барысында анықталғандығын айтты.

"2011 жылдың наурыз айында Ақтөбе мәслихаты тұрақ  немесе паркингтерге және жанармай құю станцияларына бөлінген жер телімдерге салық мөлшерлемесін 10 есе көбейту туралы шешім шығарған, – дейді Ақтөбе облысы кәсіпкерлер палатасы бөлімінің басшысы Мирлан Бисенғалиев.  – Бірақ, бір айдан кейін ол шешім күшін жойды. Десе де, бұған қарамастан мемлекеттік табыс басқармасы өңделетін бақылау нәтижелері бойынша салық төлеушілерге салықтың он есе көбейтіп төлеу керек деген хабарламасын көрсеткен".

Облыс прокуратурасы заң бұзушылыққа тоқтау салып, кәсіпкерлердің құқығын қорғады. Ақтөбеде ақылы тұрақтар мен тұрақжайлар саны 1100-ден асады.

Похожие материалы