Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қаңтар айынан бері мұнай бағасы 49%-ға жоғарылады

Қаңтар айынан бері мұнай бағасы 49%-ға жоғарылады

Осы жылы дүниежүзілік мұнай бағасы құлдырауын тоқтатып, қаңтар айындағы ең төмен көрсеткіштен 49%-ға жоғарылады, себебі сұраныс артып, жеткізілім өсімі баяулап жатыр. Бұл сарапшылар үшін күтпеген жайт болды деп жазады Bloomberg.

2015 жылдың басында Bank of America Corp., Barclays Plc және Goldman Sachs Group Inc. бағамдар шамамен барреліне 30 долларға дейін төмендейді деп болжаған болатын. Соңғы кездері банктер болжамды жоғарлатып жатыр, бірақ бұрынғыша баға қазіргі деңгейден жоғары көтерілетініне күмән келтіруде. Аналитиктерің пікірінше, көптеген тәуекелдер әлі де өз күшінде. Мысалы, бағаның өсуімен қатпарлы мұнай нарыққа қайта құйылады. "Мұнай нарығы ең төмен деңгейден шықты. Сұраныс пен ұсыныс теңесіп жатыр. Бұл әсіресе АҚШ-та байқалып тұр, мұнда артылу айтарлықтай қысқарды. Ұсыныс бұрынғыша сұраныстан артық, бірақ бұрынғы деңгейде емес", - деп мәлімдеді Bank of America аналитигі Сабина Шелс. Bank of America 24 сәуір күні осы жылға арналған Brent маркалы мұнай бағасының болжамын барреліне 58 долларға дейін арттырды, бұған дейінгі болжам барреліне 52 доллар болатын. 15 қаңтардағы есепте банк аналитиктері бірінші тоқсанның аяғында Brent біртіндеп барреліне 31 долларға дейін, ал WTI маркасы брреліне 32 долларға дейін төмендейді деп болжам жасаған. Barclays сарапшылары өткен аптада 2015 жылға арналған Brent бағасының орташа болжамын барреліне 60 долларға дейін арттырды, ақпан айындағы болжам барреліне 51 доллар болған еді. JPMorgan Chase аналитиктері наурыз айында Brent бағамы барреліне 38 долларға дейін төмендейді деп болжам жасаса, сәуір айыны аяғында осы жылға арналған болжамды барреліне 62 долларға дейін жақсартты. Лондонның ICE Futures биржасында 21:04 АСТ Brent мұнайына арналған маусымдық фьючерстер сәрсенбі күні 1,9%-ға, барреліне 68,8 долларға дейін өсті. Ал осы уақытта Нью-йорк тауар биржасында (NYMEX) маусым айына арналған WTI мұнайының бағасы 1,8%-ға, барреліне 61,48 долларға дейін жоғарылады.

Похожие материалы