Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қаңтар айында Қазақстандағы жүк айналымы 22%-ға өсті

Қаңтар айында Қазақстандағы жүк айналымы 22%-ға өсті

2015 жылдың қаңтар айында Қазақстандағы жүк айналымы 2014 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 22%-ға өсіп,  40,693 млрд тонна-километрді (т/км) құрады деп хабарлайды Экономика министрлігінің статистикалық комитеті.

Есептік кезеңде республикадағы теміржол көлігінің жүк айналымы 18,421 млрд т/км (45% көп), автокөлік - 11,462 млрд т/км (1,4% көп), теңіз көлігі – 192 млн т/км (11,7% аз), әуе – 2,9 млн т/км (25,2% аз). Құбыр өткізгіштердің жүк айналымы 10,616 млрд т/км құрады, бұл көрсеткіш салыстырмалы түрде 16,5% жоғары.

Жолаушы тасымалы айналымы республикада 2014 жылдың қаңтарындағы көрсеткіштен 2,6%-ға жоғарылап,  2015 жылдың қаңтарында 20,275 жолаушы-километрге теңесті.

Похожие материалы