Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қаңтар-наурыз аралығында шетелге 113,4 млрд теңге аударылған

Қаңтар-наурыз аралығында шетелге 113,4 млрд теңге аударылған
Алматы. 2 мамыр. 7kun.kz - 2018 жылдың қаңтар-наурыз аралығында қазақстандықтар шетелге 113,4 млрд теңге көлеміндегі қаржы аударған деп жазады ranking.kz.  Бұл 2017 жылдың қаңтар-наурызындағы көрсеткішпен салыстырғанда 36,4 пайызға көп. Ал сырттан Қазақстанға аударылған ақша 5,9 пайызға өсіп, 59,6 млрд теңгені құрады. Ақша ең көп аударылған елдер қатарында Ресей көш бастап тұр. Ресейге үш айдың ішінде 50 млрд теңгеге жуық ақша жөнелтілген. 2017 жылдың қаңтар-наурызымен салыстырғанда 30,1 пайызға көп. Екінші орында 12,9 млрд теңгемен Түркия орналасқан. Түркияға аударылған қаржы көлемі 11,4 пайызға артқан. Одан кейінгі орындағы Өзбекстанға 12,4 млрд теңге қаржы аударылған. Ал Қырғызстанға 12,3 мрлд теңге жөнелтілген.

Похожие материалы