Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ақтауда әскери қызметкерлердің қайтыс болуына байланысты сотқа дейінгі тергеу ісі басталды

Ақтауда әскери қызметкерлердің қайтыс болуына байланысты сотқа дейінгі тергеу ісі басталды

Ақтау гарнизонындағы оқу-жаттығулары кезінде жедел қызмет 25744 әскери бөлімінің 4 әскери қызметкерінің қайтыс болуына байланысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 456-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі басталды. Бұл туралы Бас әскери прокуратураның баспасөз қызметі хабарлайды.

Аталған факті бойынша, Бас әскери прокуратураның арнайы прокурорының басқаруымен тергеу-оперативті топ құрылды. Қазіргі уақытта төтенше жағдайдың барлық жай-жапсарын анықтау үшін тергеу жұмыстары жүргізілуде. "Қылмыстық істің тергеу нәтижелері мен барысы туралы көпшілік және бұқаралық ақпарат құралдарын қосымша ақпарат беріліп отырады", - деп жазылған таратылған хабарламада. Еске салайық, осыған дейін 4 әскери қызметкер Ақтаудағы оқу-жаттығу кезінде суға батып кетті. Кейінірек олардың Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданынан шақырылған 19 жасар Бауыржан Жолдабай және Атырау облысы Құлсары ауданынан шақырылған Асылжан Махамбетов, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданынан шақырылған 23 жасар Замир Әділов, Атырау облысы Мақат елдімекенінен шақырылған 19-жасар Бақытжан Қалыбай екендігі анықталды.

Похожие материалы