Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Жағдайы төмен отбасыдан шыққан балаларға әскери-патриоттық лагерь ұйымастырылды

Жағдайы төмен отбасыдан шыққан балаларға әскери-патриоттық лагерь ұйымастырылды

Ақтау. 28 шілде. 7kun.kz - Бүгін Маңғыстауда жағдайы төмен отбасыдан шыққан балаларға арналған әскери-патриоттық жазғы лагерь жұмысын бастады. Ол 30 балаға лайықталған. Бұл туралы 7kun.kz хабарлады.

Лагерьге қатысу тегін. Балаларға арналған көптеген бағдарламар бар. Олар: саптық даярлық, жауынгерлік техника мен қару-жарақ, кемеге экскурсия және т.б. Балалар солдаттар секілді казармада тұрады.

Қатысушы 9-14 жас аралығындағы келушілердің ішінде тек екі қыз ғана бар. Лагерь ҚР ҰҚК Шекара қызметі аймақтық жағалау күзеті басқармасы теңіз оқыту орталығының базасында ұйымдастырылды. Бұл оқу орталығының базасында кеме мамандары мен шекара әскерін даярлайды.

Мемлекеттік тапсырыс аясындағы шараның ұйымдастырушылары «Маңғыстау аймақтық әскери-патриоттық клубтар «Қайсар» лигасы» қоғамдық бірлестігі.

 

Похожие материалы