Экономика
Экономика1
А.Яценюк: Біз Ресейдің қақпанына түспейміз
Ресей Федерациясының "қақпанына" түсіп қалмау үшін, Украина газдың керекті мөлшерінің кем дегенде жартысын Еуроодақтан алатын болады. Бұл жөнінде Жоғарғы Радада Украинаның премьер-министрі Арсений Яценюк мәлімдеді.
«Ресей бізді өз қақпанына түсіргісі келіп отыр. Оны мен жақсы түсініп тұрмын. Олар ұсынған бағадан әлдеқайда қымбаттау болып кететін еуропалық газдан бас тартуымыз үшін осылай істеп отыр. Кейін нағыз қиын кезде келіп Украинаға: «Біз айтқан бағаға газдың толық 100 пайызын сатып аласыздар» дегісі келеді, - дейді премьер-министр.
«Біз бірнеше жыл бұрын жасаған қателігімізді қайталамаймыз. Арнайы осы үшін үкімет мынадай шешімге келді: газдың минимум балансы - 50 де 50», - дейді Яценюк.
«Франциядағы келіссөздерден кейін мен барлығын егжей-тегжейлі айта алмаймын. Біз еуропалық 5 компаниядан газ сатып алып отырмыз: RWE, Statoil, GDF Suez, E.ON, Royal Dutch Shell. Біз бүгінгі күнге қарағанда газдың сатып алу мөлшері мен еуропалық газдың бағасы әлдеқайда бәсекелестікке қабілетті болады деп үміттенеміз». Бүгінде Украина Еуропалық Одақтан 70 пайыз мұнай сатып алып отыр.