Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ағысқа қарсы жүзе білгендер немесе дағдарыс кезінде байлықтың көзін тапқан 7 компания

Ағысқа қарсы жүзе білгендер немесе дағдарыс кезінде байлықтың көзін тапқан 7 компания

Миллиардты бизнес құру үшін қомақты капиталыңның болуы маңызды емес. Шағын бизнесті алып империяға айналдыруда үлгі болады. Бастысы - бизнесте тапқырлыққа, алдағыны болжай білуге жол ашық екендігін ұмытпау қажет. Төменде сіздерге дағдарысты бизнесінің даму жолдарына ұсына білген 7 компания тізімін ұсынамыз.

-  John Wiley & Sons-  академиялық басылымдар шығаруға бағытталған халықаралық ұйым. Компанияның Нью-Йорк биржасындағы капитал құны 2 млрд долларды құрайды.

Жылдық айналымы: 1,2 млрд доллар

1807 - 1814 жылдардағы депрессия кезінде Чарльз Уайли Манхеттеннің бойынан кішігірім баспахана мен кітап дүкенін ашады. Бәсекелестік бәйгесінде аман қалу үшін өзіне қарағанда ірі баспагер Корнелиус Ван Винклмен әріптестікке қол қойып, екеуі біріге отырып баспахана мен кітап дүкенін талантты жазушылар бас қосатын әдеби орталыққа айналдыра біледі. Нәтижесінде, Фенимор Купер, Эдгар Алан По және Вашингтон Ирвинг тәрізді авторлардың кітаптары дәл осы жерден жарыққа шығады. John Wiley & Sons компаниясы әдеби ортадағы дұрыс бағытына байланысты табысын ұлғайта түседі.

1901 жылдан бері 350 Нобель сыйлығына үміткердің жұмыстарын басып шығарған. Осы уақыттан бастап жоғары оқу, ғылым және коммерцияландырылған салада белсенділік танытып келеді.

Ryder Systems - жалпы логистика мен тасымалдауды басқару саласындағы негізгі көшбасшы.

Жалпы капитал құны: 2,1 млрд доллар

Компания айналымы: 2 млн доллар

1929-1939 жылдары Ұлы күйзеліс жылдары басталған кезде Джеймс Райдер Флоридадағы құрылыс компаниясындағы жұмысын қалдырып, 125 долларға кішігірім жүк көлігін сатып алады. Алғашында көлігімен Майами жағалауларындағы қоқысты тасып, Палм Бичке құрылыс материалдарын жеткізіп жүреді.  Екі жылдан кейін тағы бірнеше жүк көлігін сатып алып, компанияларға жалға берді. Сол уақыттағы дағдарысқа байланысты жүк көліктері  темір жол тасымалымен жылдамдық жөнінде бәсекелестікке түсе бастаған еді. Жол құрылысының дамуына байланысты Райдердің де бизнесі дами түсіп, логистика саласындағы халықаралық компанияға айналды.

General Motors - әлемдегі ең ірі автомобиль өндіруші концерндердің бірі.

Жалпы капитал құны: 48,3 млрд доллар

Жылдық айналымы : 135 млрд доллар

1907-1908 жылдардағы дағдарыс кезінде негізі қаланған. АҚШ-тағы ең ірі сенімгерлік компанияның бірі Knickerbocker Trust Company-дың биржалық құны түскеннен кейін елдегі 9 ірі банк өздерінің банкротқа ұшырағандарын жариялады. Жаңа кәсіп ашу туралы ой ойлаудың өзі қорқынышты еді. Алайда Бостон университетінің түлегі Уильям Дюрнт осы дүрбелеңді тамаша пайдаланабіледі. Ол қаржылық "батпаққа" жығылған кішігіріп автомобиль компанияларын сатып ала бастап, 1905 жылы General Motors автоалпауытының негізін қалайды. Бір жылдан кейін Cadillac, Pontiak-ты, 1916 жылы 1 шілдеде  Сhevrolet Motor Division кәсіпорнын қосып алады. Кадиллак пен Понтиак маркаларының дамуына да дәл Уильям Дюрнт себепкер.

Playboy Enterprise - ойын-сауық индустриясындағы ересек аудитория үшін контент өндіретін акционерлік компания.

Жалпы капитал құны: 100 млн доллар

Әлемге танымал Playboy журналы 1953-1954 жылдардағы дағдарыс кезінде дүниеге келген. Журналдың кейінірек компанияның негізін қалаушы Хью Хефнер алғашында Esquire журналының қызметкері болған. Бірақ жұмыс берушісінің еңбекақысын 5 долларға көтермегендігінен "көңілі қалған" Хью қызметінен кетеді. Ыза мен достарының көмегі арқылы аздаған уақыт ішінде Esquire-ге бәсекелес болатын, тіпті одан да даулы сипаттағы журналды дүниеге келді. Басылымының алғашқы номерінде мерзімі мен басылым номері де жазылмаған. Екінші номердің шығуына сенімсіз болған Хью Хефнер беделіне нұқсан келмеуін қалап, аты-жөнін де жазбайды. Бүгінде Playboy империясының қарамағында танымал журнал ғана емес телеарна, баспахана және радиостанция да қарайды.

Apollo Group - өнер, бизнес және басқарма, қылмыстық құқық және қауіпсздік, қызмет көрсету түрлері, психология, технология салалары бойынша бакалаврлық, магистрлік және докторлық оқу бағдарламаларын ұсынатын әлемдік компания.

Жалпы нарықтық құны: 10,6 млрд доллар.

1973-1975 жылдардағы отын дағдарысы кезінде Сан-Хосе университетінің оқытушысы Джон Сперлинг оқу ордасына тек жастардың ғана емес, кәсібіні ауыстыруды қалаған орта жастағылардың да келіп жатқандығын байқайды. Осыған байланысты ол басшылыққа өз мамандығын ауыстыруды қалағандар үшін арнайы оқу бағдарламасын дайындау туралы ойын жеткізгенмен, университет мұны маңызды деп таппайды. Сперлинг қызметін тастап, 1973 жылы дәстүрлі оқу мекемелері үшін оқу құралдарын шығаратын Apollo Group компаниясын құрады. Кейінірек бірінші коммерциялық University of Phoenix оқу ордасын ашады. Бүгінде Apollo Group компаниясының бүкіл Америка бойынша 90 институты бар.

American International Group - американдық сақтандыру компаниясы.

Жылдық айналымы : 100 млрд доллар

Жалпы капитал құны: 172,3 млрд доллар

26 жасар американдық әскери Корнелиус Вандер Стар жапондық Pacific Mail Steamship компаниясының қызметкері болады, бір жылдан кейін Шанхайға ауысып түрлі сақтандыру компанияларында жұмыс істейді. 1919 жылы соғыстан кейінгі дағдарыс жылдарында ол Америкаға қайта оралып, Japan American Asiatic Underwriters компаниясын құрады. Бүгінде American International Group деп аталатын сақтандыру мекемесі жылжымайтын мүлік сақтандырудан 5-орын, Америкада түрлі жағдайларда өмірін сақтандырудан 1-орында тұр.  Дағдарысқа қарсы күрес бағдарламасы аясында АҚШ үкіметі компанияға 150 млрд доллар несие бөлді.

C. R. Bard, Inc.- қан тамырлы хирургия, онкология, урология салалары үшін тауарлар өндірудегі әлемдік көшбасшы.

Жалпы нарықтық құны: 8,7 млрд доллар

Жыл сайынғы сатылым көлемі: 1 млрд доллар

1907-1908 жылдардағы биржалық дүрбелең кезінде Чарьлз Рассел Бард өз бизнесін дамыту үшін жаңа әдістер іздеуі қажет болды. Енді ол францздық жібек сатуын тоқтатып, несеп жолдарындағы аурулар үшін пайдаланатын медициналық құрылғылардың экспортымен айналыса бастады. Кейінірек бизнесін кеңейтіп, кардиология, рентген және басқа да медициналық тауарлар саудасымен айналыса бастады. Бүгінде әлемнің 90 елінде филиалдары бар.

Дайындаған Ақсәуле Әбітай "7" 

Похожие материалы