Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ақышев: Сақтандыру мәселелері бойынша заң жобасы өңірлердегі сақтандыру қызметтерінің қолжетімділігін арттырады

Ақышев: Сақтандыру мәселелері бойынша заң жобасы өңірлердегі сақтандыру қызметтерінің қолжетімділігін арттырады
Алматы. 2 мамыр. 7kun.kz - «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және сақтандыру қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы сақтандыру саласындағы заңнаманы жетілдіруге, халықтың сақтандыру қызметтерін алған кезде мүдделерін қорғауға және сақтандыру нарығын дамытуға бағытталған. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық Банкінің төрағасы Данияр Ақышев Парламент Мәжілісінің жалпы отырысынан кейін БАҚ сұрақтарына жауап бере отырып айтып берді. Атап айтқанда, Ұлттық Банктің басшысы заң жобасында шет елге шығатын туристі сақтандыру тәсілдерін өзгерту көзделеді деп атап өтті. «Туроператордың және турагенттің АҚЖ міндетті сақтандырудан шет елге шығатын туристің мүддесін міндетті сақтандыруға өту жоспарланып отыр. Міндетті сақтандыруды туроператор жүзеге асыратын болады. Бағдарламалар халықаралық талаптарға  сәйкес келеді  және онда базалық әлеуметтік тәуекелдер қамтылған. Бұл туристің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян, оның ішінде жазатайым оқиға, шұғыл/жедел медициналық көмек көрсету, репатриация. Туроператор үшін арналған сақтандырудың құны күніне шамамен 320 теңге болады. Сақтандыру арқылы өтеу 3-16 миллион теңге аралығында болады. Бұл сақтандыру туроператорлардың қызметін пайдаланатын туристер ғана үшін.  Өз бетінше шығатын туристердің тәуекелдері ерікті сақтандыру шарттары шегінде өтелуі мүмкін», - деді Ақышев. Ұлттық Банк төрағасының ақпараты бойынша заң жобасы қолданысқа енгізілгеннен бастап халық пен кәсіпорындар сақтандыру шарттарын сақтандыру компаниясының офисіне бармай және агенттердің делдалдық қызметісіз интернет арқылы жасаса да алады. «Өңірлерде сақтандыру қызметтерінің қолжетімділігі артады, бірінші кезекте, облыс орталықтары шегінде және ауылдарда», - деп атап өтті Ұлттық Банк төрағасы. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және сақтандыру қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы шеңберінде екінші оқылымда мақұлданып, ҚР Парламентінің Сенатына жіберілді.

Похожие материалы