Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Абайлаңыз, жалған ақша!

Абайлаңыз, жалған ақша!

Қарағандыда жалған ақша жасағандар ұсталды. Бұл туралы кеше «Астана» телеарнасы хабарлады. Облыстық мемлекеттік кірістер департаменті арнайы брифингте мәлімдегендей облыста соңғы уақытта мұндай 54 дерек тіркеліп, қылмыстық істер қозғалған.

Алаяқтар 2 және 10 мыңдықтар мен 5 жүз теңгелік банкноттармен қоса 100 долларды да жасаған. Тергеушілердің айтуынша, жасанды номиналдарды бір қарағанда нағыз ақшадан ажырату қиын. Алаяқтар құнды қағаздардағы деректерді жоғары технологиялардың көмегімен көшіріп шығарған. Оларға жылтыр қорғаныш жіптер де енгізілген. Шынайылығын жарықта ғана көрінетін белгілердің жоқтығынан ғана анықтауға болады.

Жасанды ақша жасайтын цехтар Алматы, Жамбыл, Қостанай, Астана қалаларынан табылған. Ал, Қарағандыда таратылған жалған банктноттар Алматыда жасалыпты.

Ержан Толысбаев, Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті бастығының орынбасары:

Арасында 500 теңгеліктер бар. Көбісі, 90 пайызы 2 мыңдықтар. 10 мыңдықтар да кездеседі. Бұл жасанды ақшаларды базаға енгіздік. Барлығы Алматыдағы жалған ақша жасау цехынан шыққандықтан, қылмыстық істердің көбі сол қалаға жіберілді.

Дерек көзі: «Астана» телеарнасы

Похожие материалы