Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Альянс банк, Темірбанк және ForteBank-тың бірігуі заң жүзінде аяқталды

Альянс банк, Темірбанк және ForteBank-тың бірігуі заң жүзінде аяқталды

ABC банк ресми түрде ҚР Әділет министрлігінде тіркелді. Бұл ForteBank-тың уақытша жаңа атауы болмақ. Ал Альянс банк ForteBank деп атауын өзгертіп, жұмысын жалғастырып жатыр. Осылайша Альянс банк, Темірбанк және ForteBank-тың бірігуі заң жүзінде аяқталды деп жазады Forbes.kz.

"ForteBank пен Темірбанктың барлық активтері Альянс банкке өтті. Яғни, Альянс банк екі банкке де 100% иелік етеді. Алайда, біз әу баста жаңа банктың атауы ForteBank болады деп жариялаған болатынбыз, бұл үшін бізге қазіргі ForteBank атауын алып, оны Альянс Банкке беруміз керек. Бірақ, бірігу процесі әлі де жүріп жатқандықтан, бұл мүмкін емес, сондықтан "ескі" ForteBank-ты ABC банк деп тіркеттік. Әділет министрлігі жаңа атаумен банкті тіркеді, сәйкесінше ForteBank атауы босады", - дейді Forbes-қа берген сұхбатында жаңа ForteBank төрағасы Тимур Исатаев.

Похожие материалы