Алматы. 28 ақпан. 7kun.kz – 2018 жылдың басында өз міндеттемелері бойынша дефолтқа жол берген "АБДИ Компани" АҚ облигациялар бойынша негізгі қарызды 0,6 млрд теңгеге өтеген. Бұл туралы Қазақстан Қаржыгерлер қауымдастығының баспасөз қызметі хабарлады.
Соңғы есепте БЖЗҚ қоржынындағы қалған облигациялардың номиналды құны 2,7 млрд теңгені құрады, ал аталған борыштық қағаздардың ағымдағы құны 0,5 млрд теңгеге бағаланады.
Сондай-ақ, есепті айда ҚИК облигацияларының 4,0 млрд теңгеге және "Еуразиялық Банк" АҚ облигацияларының 0,1 млрд теңгеге негізгі қарызын өтелді.
"АстанаГаз ҚМГ" АҚ облигациялары 3 млрд теңгеге, "Қазатампром "ҰАК" АҚ депозитарлық қолхаттары 0,3 млрд теңгеге, "Батыс Транзит" АҚ облигациялары 11,2 млрд теңгеге сатылды. Сонымен қатар, қаңтар айында "Цеснабанк" АҚ акциялары 5,9 млрд теңгеге сатылған. Қазақстандық ЕДБ депозиттеріне қатысты "Қазақстан Халық банкі" АҚ (0,9 млрд теңге) және "Tengri Bank" АҚ (1,6 млрд теңге) салымдары ішінара өтелді.
2019 жылғы 01 ақпандағы жағдай бойынша ҚРҰБ басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері қоржынының ағымдағы құны бір айда 59,0 млрд теңгеге ұлғайып, 9 437 млрд теңгені құрады.
ҚР МБҚ зейнетақы портфеліндегі үлесі қаңтарда 43,3%-дан 44,1%-ға дейін өсті. Атап айтқанда, ҚРҰБ нотасына инвестициялар 82,8 млрд теңгеге дейін ұлғайды.
Ал шетелдік банктердегі депозиттердегі қаражаттың көлемі 450,9 млрд теңге болды.
Айта кетейік, қазақстандық банк секторына инвестицияланған қаражат қаңтар айында 15,1 млрд теңгеге дейін азайып, 1 613,1 млрд теңгені құрады. Инвестициялар көлемі барлық құралдар – акциялар, облигациялар және депозиттер бойынша төмендеді.