Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Абрамовичке тиесілі байланыс операторы еуропалық кәсіпкерлерге 1 фунтқа сатылады

Абрамовичке тиесілі байланыс операторы еуропалық кәсіпкерлерге 1 фунтқа сатылады

Алматы. 6 маусым. 7kun.kz – Абрамович пен оның серіктестеріне тиесілі байланыс операторы Еуропадан келген кәсіпкерлерге 1 фунтқа сатылады, деп хабарлайды 7kun.kz.

Financial Times жазуынша, екі еуропалық кәсіпкер Роман Абрамович пен оның серіктестеріне тиесілі британдық Truphone телекоммуникациялық тобын 1 фунт стерлингке сатып алмақ. Мұндай шешім британдық және еуропалық биліктің ресейлік миллиардерге салған санкциясымен байланысты болуы мүмкін.

Байланыс операторның жаңа иелері Auto1 пайдаланылған автомобиль компаниясының негізін қалаушы, неміс кәсіпкері Хакан Коч және оның серіктесі, телекоммуникация компанияларының бұрынғы басшысы, жеке инвестор Пиррос Куссиос болады. Олар компанияның 90% және 10% акцияларына ие болады.

Келіссөздер маусым айында аяқталады деп күтілуде.

Айта кетейік, Truphone корпоративтік клиенттерге, соның ішінде қауіпсіз желіге кіруді қажет ететін және қызметкерлердің роуминг ақысын талап етпейтін банктерге келісімшарттарды сатумен айналысады.

Похожие материалы