Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

"Абу-Даби Плаза"-ның бас мердігері салық төлеуден жалтарған

"Абу-Даби Плаза"-ның бас мердігері салық төлеуден жалтарған

Алматы. 10 желтоқсан. 7kun.kz – "Абу-Даби Плаза" құрылысының бас мердігері Arabtec Consolidated Contractors Limited бюджетке жүздеген миллион теңге төлемеген, деп хабарлайды елорда прокуратурасының баспасөз қызметі.

"Астана қаласының прокуратурасы екі шаруашылық жүргізуші субъектіде салық сомасын төмендету түріндегі салық заңнамасын бұзу фактілерін анықтады. Ағымдағы жылы Arabtec Consolidated Contractors Limited компаниясының филиалы Әлеуметтік және табыс салығын төлеуден жалтарғаны анықталды. Компания салық органына декларация берді, оған сәйкес жалпы жалақы қоры 1 млрд теңгені құрады, ал еңбек жөніндегі уәкілетті органның мәліметтері көрсетілген кезеңдегі нақты төлем қоры 4 млрд теңгені құрағанын куәландырады", - дейді баспасөз хабарламасында.

Осылайша, компания бюджетке төлеу керек салық сомасын үш есе әдейі төмендетіп отыр.

Сондай-ақ, "World Monitoring" ЖШС де нақты 136 млн теңгеден астам жалақы төленген жағдайда еңбекақы төлеудің нөлдік қоры бар декларация тапсыру арқылы бюджетке салық төлеуден жалтарған.

Талдау нәтижелері бойынша ,"Есіл" ауданының прокуратурасы Мемлекеттік кірістер басқармасына заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс түсірді. Нәтижесінде, екі компаниядан да 630 млн теңге салық өндірілді.

Похожие материалы