Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Абу-Дабиде мұнай өніміне байланысты техникалық комитеттің отырысы өтеді

Абу-Дабиде мұнай өніміне байланысты техникалық комитеттің отырысы өтеді

Москва. 1 тамыз. 7kun.kz - 7-8 тамыз Абу-Даби қаласында  мұнай өндірісі көлемін азайту келісіміне мониторинг жасайтын техникалық комитеттің отырысы өтеді. Бұл туралы ОПЕК ақпарттық сайтында жарияланды.

Техникалық комитет ОПЕК келісімін орындау барысында мемлекеттерде туындайтын мәселелер мен қиындықтарды қарастырады. Сонымен қатар, әлемдік нарықта мұнай теңгерімін жылдамдату тәсілдерін сараптайтын болады.

Петербургта өткен шикізат мониторингі бойынша министрлік комитеті шикізат өнімін қысқарту туралы келісімнің жарты жылда 98 пайызға орындалғанын белгіледі. Сауд Арабиясы, Әзірбайжан және Ресей елдері - келісімді артығымен орындаса, кей мемлекеттер толық орындамады.

ОПЕК президенті, Сауд Арабиясының энергетика министрі Халид әл Фалихтің айтуынша, қысқарту туралы келісімнің 100 пайыз орындалуы шарт. Бұл жағдайда, мұнай нарығынан тәулігіне 200 мың баррельді алып тасталынады.

Похожие материалы