Экономика
Выбор редактора
Абылай Мырзахметов: Жарты миллионға жуық бизнесмен салық бойынша есеп өткізбеген
"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовтың сөзіне қарағанда, тіркелген миллионнан астам бизнес өкілінің 500 мыңға жуығы жұмыс істемейді. Бұл туралы төраға Алматыда өткен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының аймақтық кеңесінде сөйлеген сөзінде атап өтті деп хабарлайды 7kun.kz.
"Мәліметтер базасында миллионнан астам кәсіпкер тіркелген, олардың 850 мыңы ғана белсенді. Яғни, шамамен 450-500 мыңдай бизнесмен салық органдарына есеп өткізбеген. Осы мәселені шешу керек", - деді ол.
Оның сөзіне қарағанда, қазіргі уақытта тіркеу және жою туралы мәліметтер базасы Палатының қол астына өту жұмыстары жүріп жатыр.
"Статистика бойынша үлкен жұмыстар жүргізілуде. Осы жыл оңай болмайтын сияқты", - деді А. Мырзахметов.