Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Адамдарға вирус таратып жүрген террористер туралы WhatsApp-тағы хабарлама жалған

Адамдарға вирус таратып жүрген террористер туралы WhatsApp-тағы хабарлама жалған
Алматы. 30 қаңтар. 7kun.kz - Ішкі істер министрлігі адамдарға вирус таратып жүрген террористер туралы WhatsApp хабарламаның жалған екенін айтты. Айта кетейік, қазақстандықтар аталған мессенджер арқылы адамдарға белгісіз вирус егіп жүрген топ туралы ескерту тараған еді. «Предупреждение... Если кто-то приходит к вам и говорит, что мы из медицинской школы, хотим проверить ваш сахар в крови бесплатно, не сдавайте тест. Немедленно позвоните в полицию. Они - террористы I.S.I.S, им приходится вводить вирус в кровь. Поделитесь этим с друзьями и семьей»-делінген орыс тілінде тараған ақпаратта. Ішкі істер министрлігі бұл ақпарат жалған деп отыр. «Ел аумағында осыған ұқсас сценариймен қылмыстық іс тіркелген жоқ. Айта кетейін, министрлік адамдарға жеткізгісі келген ақпаратты тек ресми дереккөздері арқылы таратады»,-дейді ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев БАҚ-на берген сұхбатында.

Похожие материалы