Экономика
IT, Технология
Адамның өлім күнін есептейтін суперкомпьютер пайда болды
Бет-Изрэйел (АҚШ) медицина орталығының ғалымдары емделушінің келесі айдың ішінде қайтыс болу қаупін 96% дәлдікпен көрсететін суперкомпьютер әзірледі. Бұл жөнінде
vokrugsveta.ru жазды.
Олардың болжамы үлкен көлемдегі сараптама жұмыстарына негізделген. Әрбір 3 минут сайын жүйеге аппарат қолданушыларының жай-күйі туралы, қан қысымынан оттегі мөлшеріне дейінгі толық ақпарат түсіп отырады. Сонымен қатар оған емделушінің соңғы 30 жылда болған 250 000 клиникалық жағдайы тіркелгендіктен тез және дәл диагноз қоюға мүмкіндік береді.
"Жасанды интеллект дәрігерді алмастыра алмайды, бірақ оған көмектеседі. Ол сіздің жағдайыңыз жайлы ақпаратты жинап әрі ұқсас емделушілердің халімен салыстырып, болашақтағы жағдайларға болжам жасайды.",-деді жоба басқарушысы доктор Стив Хорнг.
Ғалымдар бұл бағдарлама өлім-жітім мөлшерін азайтуға мүмкіндік береді деп үміттенеді. Алайда дәрігерлер компьютерді өлім күнін есептеу үшін ғана қолдануға кеңес бермейді. Себебі оның негізгі мақсаты - диогнозды нақты қою. Емделушілердің деректеріне қарай суперкомпьютер дәрігерлер бірден көрмейтін сирек кездесетін ауруларды бірден анықтайды.
Бұл Бет-Изрэйел медициналық орталығындағы жалғыз инновациялық аппарат емес. Бұдан өзге мұнда дәрігерлер науқастың ауру тарихын бірден қарап шығуға мүмкіндік беретін Google Glass көзілдірігін қолданады. Әр науқас жатқан палатаның сыртында арнайы QR-код жазылған. Google Glass көзілдірігі арқылы QR-кодтағы сілтемеге өтіп, бірден науқас жайлы мәліметтерге ие болады.