Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

"Адем" сауда үйіне өрттің салдарынан 240 млн теңге шығын келген

"Адем" сауда үйіне өрттің салдарынан 240 млн теңге шығын келген
"Адем" сауда орталығына келген шығын мөшері - 240 млн теңге деп хабарлайды BNews.kz.
Бұл жөнінде Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Алматы қалалық филиалында айтылды. сауда үйіндегі өрттің салдарынан жапа шеккен 300 жалгерлердің құқын қорғау мақсатында арнайы комиссия құрылған еді.
«Келіп түскен 300 өтініш қаралып, шығын мөлшері 24 млн теңге болды. Жедел штабтың 9 отырысы болып өтті. 15 банктен несие қарызын алу мәселесі шешілді», - дейді қаланың мемлекеттік мекемелермен жұмыс бөлімінің басшысы Бекжан Күнтаев.
Өткізілген келіссөздер нәтижесінде "Адем" сауда үйінің басшылығы 6 шаршы метрлік 342 ұқсас орын ұсынып отыр. Олар "Адем-2,3" блоктарында орналасады. 6 ай бойы жапа шеккендерден жалдау құны алынбайды.
Естеріңізге сала кетсек, 26 сәуір күні кешке "Адемде" өрт болған еді. Жанған аумақ 25 мың шаршы метрді құрады.

Похожие материалы