"Адем" сауда орталығындағы өрттен зардап шеккендер құзырлы органдардың әрекетсіздігіне шағым білдіруде. Бұл туралы олар Алматыда өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
"Сауда орталығында өрттен зардап шеккен физикалық және заңды тұлғалар" деп аталатын қоғамдық бірлестік ІІД-дегі тергеу органдары.
Сондай-ақ бұл іске қатысы бар заңгерлер ел президентіне шағым білдіретіндігін де мәлімдеді. Олар Ұлттық банктен АТФ Банк пен "Алматы 21 ғасыр" ЖШС арасындағы барлық келісімдердің банк заңнамасына сәйкестігіне қатысты тексеруін және АТФ Банк әкімшілігінің құрылтайшылары, банк салымшылары мен елдегі салық төлеушілері алдында есеп беруін талап етіп отыр. Құқық қорғаушы Василий Резванның мәлімдеуінше, банк "Адемнің" иесі Тынбаевқа 20 млрд теңге көлемінде қаржы берген, бірақ кепіл ретінде "Адем" сауда орталығы қойылған. "Бұл тіпті заңсыз", - дейді ол. Еске салайық, 26 сәуірде "Адем" сауда орталығы өртке оранды. Кей мәліметтер бойынша, тауарлары өртенген 50 кәсіпкердің шығыны 1,5 млрд теңгені құрайды.