Қазақстан аэрогеофизикалық кластер құру үшін 5 млн доллар шетелдік инвестиция тартпақшы деп хабарлайды "ҚазГеоТех" ЖШС-нің бас директоры Саид Сұлтанов.
"Осы жылы қазақстандық әуежайлардағы базалардың бірінен аэрогеофизикалық кластер құруды жоспарлап отырмыз. Біз аэрогеофизика қажеттілігі үшін тәуелсіз әуемекемесін салғымыз келеді. Бұл әуемекемесі тек Қазақстанда ғана емес Кедендік Одақ аумағында да жұмыс істейтін болады. Шамамен бағалауымызша, шетелдік инвесторлар тарапынан 5 млн доллар инвестиция қажет", - деді С.Сұлтанов.
"Жаңа обьект әлемдік стандарттар бойынша салынбақ. Кейінірек бұл әуемекемесінде аэрогеофизиалық зерттеулер үшін төрт Eurocopter B3 тікұшағы және гамма-спектрометриялы және магнитті съемка үшін екі Cessna 208 Caravan әуе көлігі болады деп жоспарлап отырмыз", -деп түсіндіріп өтті ол.
"ҚазГеоТех" "Қазгеология" АҚ және канадалық "GeoTech" компаниясының бірлескен жобасы болып табылады. Кәсіпорынның негізгі мақсаты - Қазақстанның геологобарлау саласына жаңа заманғы әдіс пен әлемдік деңгейдегі технологияны енгізу.