Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

AFSA: Freedom Finance Global АХҚО-ның көптеген ережелерін бұзды

AFSA: Freedom Finance Global АХҚО-ның көптеген ережелерін бұзды

Астана. 15 ақпан. 7kun.kz - АХҚО Қаржы қызметтерін реттеуші органы (AFSA) Freedom Finance Global (FFG) бірқатар ережелерді бұзғанын және оны түзетуге келіскенін хабарлады.

«FFG қажетті жүйелер мен бақылаудың толық көлемде болмағанын және өз қызметінде АХҚО актілерінде белгіленген көптеген ережелер мен негізгі принциптерді бұзғанын мойындады және оны түзету жөніндегі іс-шаралар жоспарын жүзеге асыруға келісті», – дейді AFSA Бас менеджерінің орынбасары және реттеу мәселелері жөніндегі басқарушы директоры Гаррет Линг.

FFG Директорлар кеңесінің төрағасы Сергей Лукьяновтың айтуынша FFG АХҚО-ға және Қазақстан азаматтарына, экономикасына экономикалық пайда әкелу міндеттемесін сақтайды.

Похожие материалы