Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ағасы інісінің орнына ҰБТ тапсырмақ болған

Ағасы інісінің орнына ҰБТ тапсырмақ болған

Нұр-Сұлтан. 7 шілде. 7kun.kz – Ағасы інісінің орнына ҰБТ тапсырмақ болған. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы хабарлады.

Биыл ҰБТ «Бір тестілеуші - бір компьютер - екі камера» принципі бойынша өтті. Бір камера талапкердің тест тапсыруын қадағаласа, екінші камера сол адамның өзі отырған-отырмағанын белгіленген уақыттың ішінде суретке түсіріп, тіркеп отырды.

«Тест тапсыру барысында тест тапсырушының орнына басқа адам кірген бірнеше оқиғаны анықтадық. Солардың бірі - ағасы інісінің орнына ҰБТ тапсыруға тырысқан. Бірақ биометрика, кіре берістегі бет-әлпетті тану жүйесі арқасында бұған жол берілмеді. Тиісті шаралар қабылданды», – деді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

Тест тапсыру барысында ережені бұзған 322 талапкер аудиториядан шығарылып, нәтижелері жойылды. Сондай-ақ, ҰБТ қорытындысы бойынша қазір 15 қатысушының нәтижесі жойылды, 200-ден астам тест тапсырушының нәтижесі тексеріліп жатыр.

Похожие материалы