Экономика
"Аграрлық несие корпорациясы" 2017 жылы 6447 өнеркәсіп кешенін қаржыландырды
Алматы. 14 қараша. 7kun.kz - «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ 2017 жылдың алғашқы он айы бойынша есеп берді деп хабарлайды АШМ баспасөз қызметі.
2017 жылдың он айында корпорация жалпы сомасы 129 миллиард теңгені құрайтын 6447 агроөнеркәсіптік кешен субъектісін қаржыландырды.
Жылдың басында «ҚазАгро» Холдингі көктемгі егіс жұмыстарын («Кең дала» бағдарламасы) қаржыландыруды бастады. Отандық аграрийлерді қолдау мақсатында республикалық бюджеттен 60 миллиард теңге бөлінді. Бағдарлама операторы болып «Аграрлық несие корпорациясы» бекітілді. Бағдарлама бойынша барлығы 1811 өтініш келіп түскен.
Баспасөз қызметінің мәлімдемдемесі бойынша, Қазақстандағы негізгі ауыл шаруашылығы техникасының 284 мың данасы бар. Оның 80 пайызы – 15 жылдан астам уақыт бойы қолданыста болған, ескірген техника. 2017 жылы қазақстандық ауыл шаруашылығы машинасын жасау секторын жандандыру мақсатында корпорация лизингтік компаниялардың қауымдастығын құрған.
Бұған дейін Қытай Қазақстандағы ауылшаруашылық зертханасын қаржыландыратыны белгілі болған еді.