Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Аграрлық несие корпорациясы мен "Атамекен" ҰКП серіктес атанды

Аграрлық несие корпорациясы мен "Атамекен" ҰКП серіктес атанды

«Аграрлық несие корпорациясы» (АНК) АҚ мен "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (ҰКП) кәсіпкерлік және агробизнесті дамыту аясында жаңа келісімшартқа қол қойды. Бұл туралы АКК баспасөз қызметі хабарлайды.

Келісімшарт негізінде келесі бағдарламаларды қолға алу жоспарланған: ақпараттық қамтамасыз ету, ауыл шаруашылық ісін оқыту, жаңа заңнамалар, бизнес-жоспар құру мен қаржыландыруға өтінім беру бойынша консультациялық қызмет, қаржы бағдарламаларының жаңа жобаларын іске асыру. «Аграрлық несие корпорациясы» 2001 жылы құрылған. Негізгі мақсаты - агроөнеркәсіп кешенін индустрияландыруда және диверсификациялауда кредиттік жүйе бойынша жүзеге асыру. АКК-тың негізгі құрамы "ҚазАгро" Ұлттық басқару холдингіне қарайды.

Похожие материалы