Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ахметжан Есімов: Алматы жұмыссыздық бойынша ең жоғары көрсеткішке ие

Ахметжан Есімов: Алматы жұмыссыздық бойынша ең жоғары көрсеткішке ие

Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов Ұлттық кәсіпкерлер палатасының аймақтық кеңесінде сөйлеген сөзінде Алматыда республика бойынша ең жоғарғы жұмыссыздық көрсеткіші тіркелгенін айтты. Қала бойынша жұмыссыздық деңгейі 5,5%-ға тең, ал ел көлемінде аталған көрсеткіш 5,1%-ды құрайды. Бұл туралы 7kun.kz тілшісі хабарлады.

Әкімнің айтуынша, мұндай жағдайдың орнығуына ішкі миграция себепші екен. Көшіп келіп жатқан азаматтар саны бойынша мегаполис тұрақты түрде өсіп қана қоймай, Қазақстан бойынша ең жоғарғы көрсеткішке жетіп отыр.

Сонымен қатар, Ахметжан Есімов жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейінің өте жоғары екенін жеткізді. Алматы ЖОО-ларын бітірген 43 мың түлектің 60%-дан астам сырттан келген. Олардың үштен бірі оқуын бітірген соң басқа аймаққа кетіп, бірақ қайта оралады, ал 60% Алматыда қалуға ұйғарады.

Әкімінің сөзіне қарағанда, қазіргі уақытта Қазақстан бойынша Астана, Алматы, Атырау және Ақтауда ғана миграция өсімі байқалады.

 

Похожие материалы