Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

АХҚО әлемдік қаржы орталықтарының басты рейтингінде 27 саты көтерілді

АХҚО әлемдік қаржы орталықтарының басты рейтингінде 27 саты көтерілді

Алматы. 9 қыркүйек. 7kun.kz – Әлемдік қаржы орталықтарының жаңартылған индексінде (Global Financial Centres Index, GFCI) «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) осыған дейін тұрақтаған 88-ші позициядан ауысып, 61-ші орынға ие болды, деп хабарлайды 7kun.kz тілшісі.

GFCI нарықтың барлық ойыншыларына әлемдік қаржы орталықтарының жұмыс сапасының әмбебап көрсеткіші ретінде танылған. Ол инвестициялық шешімдер қабылдау кезінде кеңінен қолданылады. Рейтингті Лондонның жетекші аналитикалық агенттігі - Z/Yen сарапшылары әзірлейді. 2007 жылы наурызда алғаш рет жарияланған рейтинг жылына екі рет наурыз және қыркүйек айларында жаңартылады.

Рейтингтің қыркүйектегі нұсқасында авторлар АХҚО өз жолын жаһандық орталық үшін ең төменгі мәртебе болып саналатын Global Contender-ден бастап тар мамандану, яғни Global Specialist-ке дейін көтергенін айтады.  2018 жылдың қаңтарынан бастап жұмыс істеп келе жатқан АХҚО прогресі 27 позиция бойынша ескерілді. Ресми ашылуы тек екі ай бұрын ғана өткен орталықпен рейтингке қатысушылардың ішінде тек Таллин ғана Астананың динамикасын көрсетті (27 позиция, 79-орыннан 52-орынға).

Дубай халықаралық қаржы орталығы рейтингте 15-ші орынға ие болды. Астананың «Шығыс Еуропа мен Орталық Азия» аймағы бойынша көршілері төмен позицияға ие болды. Олар: Варшава 66-шы орында, Стамбул - 68-ші орында, Будапешт - 71-ші орында, Санкт-Петербург - 80-ші орында, Мәскеу - 83-ші орында, Баку - 95-ші орында орналасқан.

Рейтинг қорытындысы 137 объективті көрсеткіштерді зерттеу, сондай-ақ жаһандық сараптамалық сауалнама негізінде жасалады. 2018 жылдың маусымында GFCI авторлары әлемнің 31 326 шолуын қамтитын 2 453 респонденттен жауап алды. Рейтингке кіру үшін орталық кем дегенде 150 пікір алуы тиіс.

 

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет.

Похожие материалы