Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

АХҚО мен «Altyn Bank» стратегиялық серіктестік туралы меморандумға қол қойды

АХҚО мен «Altyn Bank» стратегиялық серіктестік туралы меморандумға қол қойды

Алматы. 18 қыркүйек. 7kun.kz – China CITIC Bank Corporation Limited атынан құжатқа Директорлар кеңесінің төрағасы Ли Цинпин, ал «Астана» халықаралық қаржы орталығы атынан басқарушы директор Қайрат Келімбетов қол қойды, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

Жасалынған меморандумның шеңберінде тараптар қытайлық юаньмен байланысты жаңа бизнес бағыттарды және өнімдерді, сонымен бірге есеп айырысу және алмастыру операцияларын және облигацияларды шығаруды ұйымдастыруды бірлесе отырып дамытуды жоспарлауда.

АХҚО резиденттері үшін Қазақстандағы CITIC Bank еншілес банкі «Altyn Bank» АҚ қытайлық юаньмен есеп айырысу бойынша қызмет көрсетуді ұсыну қарастырылған. Сондай-ақ, «Астана» халықаралық қаржы орталығы (AIX) үшін есеп айырысу банкі мен кастодиан ретінде қызметтерді көрсетуге дайын.

Altyn Bank CIPS жүйесінде тікелей емес қатысуға өтінім берген және АХҚО алаңында тиісті сервисті ұсынатын болады. Бұған қоса резидент компанияларға қызмет көрсету үшін АХҚО аймағында филиалды ашу мүмкіндігін қарастырады.

Тараптар сонымен бірге Қытай мен АХҚО қаржы нарықтарын жақындату, тәжірибемен және қаржы қызметтер саласындағы үздік практикамен алмасу, қаржылық сауаттылықты арттыру, оның ішінде студенттер мен кәсіпкерлер үшін семинарларды ұйымдастыру үшін инвесторлар мен құнды қағаздар эмитенттері үшін мамандандырылған іс-шараларды ұйымдастыру саласында серіктестікті қолға алу туралы келісті.

Похожие материалы