
Қазақстанның ірі жанармай бекеттерінде бензин қымбаттады. Қазақстандық мұнай өңдеу зауыттары қызметтері үшін бағасын көтергеннен кейін «ҚазМұнайГаз» жанармай бекеті бағаны бірден көтерген еді. Екі аптадан соң Helios және басқада жанармай бекеттері 2-3 теңгеге көтере бастады деп хабарлайды kolesa.kz.
Соңғы үш күнде Sinooil, Royal Petrol АИ-92 маркалы бензинін 128 теңгеге көтерді. Ал «Газпромнефть» жанармай бекеті бензин бағасын 127 теңге деп белгіледі.
Ал V-Oil, RK-Oil, Total Asia секілді жанармай бекеттері АИ-92 бензинінің литрін 125, 123 теңгеден сатып жатыр.