Алматы. 6 ақпан. 7kun.kz - "ҚазМұнайГаз" жанар-жағармай бекеттерінде АИ-92 маркалы мұнайдың бағасы 139 теңгеге дейін қымбаттады.
АИ-92 маркасы бұған дейін 137 теңгеден сатылған. АИ-95 маркалы бензин 150 теңгеден сатылып жатыр.
Басқа да жанар-жағармай бекеттерінде де баға көтерілген. "Helios" бекетінде АИ-92 маркасы 138 теңгеден, АИ-95 150 теңгеден сатылып жатыр. "Sinooil-да" баға - АИ-92 140 теңге, АИ-95 - 152 теңге. Ең қымбат баға «Аурика» бекетінде. Мұндағы АИ-92 бағасы - 145 теңге. АИ-95 бағасы 161 теңгені құраған.
«Газпромнефть» желілері АИ-92-нің 141 теңгеден, АИ-95 маркасын 141 теңгеден сатып жатыр. Бұдан бұрын бұл бекеттерден АИ-92 маркалы бензин 139 теңгеден сатылған.
Айта кетейік, 2016 жылдың қыркүйек айында ҚР Үкіметі жанар-жағармай бағасын мемлекеттік реттеуден бас тартқан болатын.